iOS-қа арналған «Яндекс» қосымшасының Анықтамасын оқып отырсыз.
Android-қа арналған «Яндекс Старт» қосымшасының көмегі →
Android-қа арналған «Яндекс» қосымшасының көмегі →

Іздеу

Мәселелерді шешуге Нейромен іздеу, Ақылды жол және парақша бойынша іздеудің көмегімен уақыт үнемдеңіз.

Ақылды жол Яндекс қолданбасында мекенжайды енгізуге және ақпаратты іздеуге арналған.

  1. Ақылды жолда сұраным, сайт мекенжайы немесе сайт атауын енгізіңіз.
  2. Іздеу түймесін басыңыз.

Қолданбаның өзі сізге не қажет екенін анықтайды, сайт немесе іздеу парағы және нәтижелерді көрсетеді. Олар жаңа қойындыда ашылады.

Ескерту

Егер іздеулер мен ашық сайттардың тарихта қалмауын қаласаңыз, Инкогнито режимін қосыңыз.

Сыбырсөздер

Ақылды жолдың астында сыбырсөздер шығып тұрады. Іздеуді жылдамдату үшін оларды басыңыз:

  • — іздеу сұрауының ең көп таралған нұсқалары;
  • — бұрын қараған сайттарыңыз.

Сыбырсөздер тарихын өшіру үшін:

  1. Қосымшаның басты экранында → Баптаулар → Құпиялылық батырмасын басыңыз.
  2. Тарихты сақтау опциясын өшіріңіз.

Іздеу баптаулары

Мәтін ерекшеленген кездегі іздеу сыбырсөзі

  1. Қосымшаның басты экранында → Баптаулар → Интерфейс және құралдар батырмасын басыңыз.
  2. Мәтінмәндік іздеу сыбырсөздері опциясын қосыңыз немесе өшіріңіз.

Парақшадағы мәтінді белгілеген кезде тез іздеу үшін батырма пайда болады.

Дауыстық іздеу

Іздеуге сұрауды қолмен термеу үшін дауыстық көмекші Алисаға нені табу керектігін айтыңыз.

Алисаны кез келген ыңғайлы тәсілмен ашыңыз:

  • Басты экранда немесе ашық тұрған қойындыда батырмасын басыңыз.

  • «Тыңда, Яндекс» немесе «Тыңда, Алиса» деп айтыңыз (ол дауыстық іске қосуды баптау кезінде қандай фразаны таңдағаныңызға тәуелді).

Сайт беті бойынша іздеу

  1. Сайт парақшасына кіріп, Ақылды жолдың оң жағындағы  басыңыз.
  2. Парақша бойынша іздеу батырмасын басыңыз.
  3. Іздеу үшін сөзді немесе сөз тіркесін енгізіңіз.

Браузер бетте барлық қажетті сөздерді көрсетеді. Олардың арасында өту үшін және белгішелерін қолданыңыз. Іздеуді жабу үшін сол жақтағы белгішесін басыңыз.

  1. Сілтемеге басып, ұстап тұрыңыз.
  2. Контексті мәзірде Сілтемені көшіріп алу таңдаңыз.
Мазмұнға өту
Қолдау қызметіне жазу