Анықтағыш сіздің телефоныңыздың контактілерінде қоңырау соғып жатқан нөмір болмаса, сізге кім қоңырау шалып жатқандығын анықтап береді. Ол ұялы байланыс арқылы да, мессенджерлер арқылы да (WhatsApp, WhatsApp Business и Viber) келетін қоңыраулар туралы хабарлай алады.
Нөмірді анықтағыш — тегін.
Оның қоңыраулар мен хабарламалардың мазмұнын қарауға рұқсаты жоқ.
Ол қалай жұмыс істейді
Белгісіз нөмірлер үнемі жаңартылып отыратын, оның ішінде қосымшаны пайдаланушылардың пікірлеріне қарай өңделіп отыратын деректер базасымен салыстырылады. Анықтағышты алғаш рет қосқан кезде база құрылғыға жүктеледі.
Ескерту
iOS 18.0 және одан жоғары нұсқалы құрылғылар үшін нөмірлерді нақты уақытта анықтау опциясын қосуға болады. Бұл қоңырау кезінде нөмірді бірден (құрылғыда жүктеп алынбаған база болмаса да) анықтауға мүмкіндік береді.
Мобильді трафикті жұмсамау үшін әдепкі түрде база тек Wi-Fi арқылы жүктеледі. Бірақ, нөмірді анықтағыш барынша дәлірек істеу үшін сіз мобильді желі арқылы базаны жаңартуға рұқсат бере аласыз.
Мобильді желі арқылы базаны жаңартуға қалай рұқсат беруге болады
және жоғарғы панельде батырмаларын басыңыз.
Нөмірді анықтағышты таңдаңыз.
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басыңыз.
Мобильді желі арқылы жүктеу опциясын қосып, Сақтау батырмасын басыңыз.
Оған қоса, нөмірлер Яндекс Бизнес базасы бойынша тексеріледі. Егер сізге Бизнесте бар компаниядан қоңырау шалып жатса, сіз оның атауы мен қызмет саласын көресіз. Егер ұйым белгісіз болса, қосымша қоңыраудың болжалды санатын хабарлайды. Мысалы, «Бұл жарнама болуы мүмкін».
Қосу және сөндіру
Ескерту
Функция тек смартфондар үшін ғана қолжетімді.
Құрылғының баптауларын ашыңыз.
Телефон → Қоңырауды бұғаттау және анықтау (iOS 18.0 және одан жоғары нұсқалы құрылғыларда Қосымшалар → Телефон → Қоңырауды бұғаттау және анықтау) тармағын таңдаңыз.
Яндекс — Нөмірлерді анықтау және Яндекс — Нөмірлерді бұғаттау опцияларын қосыңыз.
iOS 18.0 және одан жоғары нұсқалы құрылғыларда Нақты уақыт режимінде нөмір анықтағыш бөлімінде (экранның ең төменгі жағында) Яндекс опциясын қосыңыз.
Ескерту
Нөмірді анықтағыш баптауы ұялы байланыс арқылы да, мессенджерлер арқылы да түсетін қоңыраулар туралы ескертулерді қосады немесе сөндіріп тастайды.
Нөмірге қатысты пікір қалдыру
Егер сіз нөмірге шағым білдіргіңіз келсе немесе қолданба қоңырау санатын қате анықтаған болса, пікір қалдырыңыз. Оны кез келген уақытта жасауға болады.
Ескерту
Функция тек смартфондар үшін ғана қолжетімді.
Егер сізге қоңырау шалса
Телефон қолданбасын ашыңыз.
Шақырулар қойындысына өтіңіз.
Қоңыраудың оң жағындағы Значок «Сведения» таңбасын басыңыз.
Контактіні бөлісу → Яндексте тексеру (немесе Контактіні бөлісу → Тағы → Яндексте тексеру → Дайын) тармағын таңдаңыз.
Ұсынылған сұрақтарға жауап беріңіз.
Егер сізге SMS жіберсе
Хабарламаны ашыңыз.
Абонент атауы немесе нөмірінің оң жағындағы Значок «Сведения» таңбасын басыңыз.
Контактінің атын тағы бір рет басыңыз және Контактіні бөлісу → Яндексте тексеру (немесе Контактіні бөлісу → Тағы → Яндексте тексеру → Дайын) тармағын таңдаңыз.
Ұсынылған сұрақтарға жауап беріңіз.
Қоңырауларды бұғаттау
Сіз мына әрекеттерді орындай аласыз:
Нөмірлер санатын бұғаттау
және жоғарғы панельде батырмаларын басыңыз.
Нөмірді анықтау қызметін таңдаңыз.
Қоңырауларды бұғаттау бөлімінде қажетті опцияларды қосыңыз:
Қажетсіз — қаскүнемдер, коллекторлар, үнсіз қоңыраулар және т.б.
Қаржылық қызметтерді жарнамалау — банктерден, микроқаржы ұйымдарынан және т.б. жарнамалық қоңыраулар.
Басқа жарнама — басқа да жарнамалық қоңыраулар.
Сақтау батырмасын басыңыз.
Бұғатталған қоңыраулар қабылданбаған қоңыраулар тізімінде көрсетілмейді (iOS 18.0 және одан жоғары құрылғыларда — қоңыраулар журналында).
Белгілі бір нөмірді бұғаттау
Ескерту
Функция тек смартфондар үшін ғана қолжетімді.
Егер сізге қоңырау шалса
1. Телефон қолданбасын ашыңыз.
2. Алдыңғы қойындысына өтіңіз.
3. Қоңыраудың оң жағындағы Значок «Сведения» таңбасын басыңыз.
4. Абонентті бұғаттау тармағын таңдаңыз.
Ескерту
Құрылғыға байланысты тәсіл түрлі болуы мүмкін. Бұл әдіс iOS 12.4 және одан жоғары нұсқалары бар құрылғылар үшін жарамды.
Егер сізге SMS жіберсе
1. Хабарламаны ашыңыз.
2. Абонент атауы немесе нөмірінің оң жағындағы Значок «Сведения» таңбасын басыңыз.
3. Абоненттің атын немесе нөмірін тағы бір рет басып Абонентті бұғаттау тармағын таңдаңыз.
Бұғатталған нөмірлер тізімін қарау үшін құрылғының бауптауларын ашыңыз және Телефон → Бұғаттау және қоңырауларды сәйкестендіру таңдаңыз.
iOS 18.0 және одан жоғары нұсқалы құрылғыларда нақты уақыт режимінде нөмір анықтағышты қосқан кезде, зиянкестердің қоңыраулары әдепкісінше бұғатталады. Нақты уақыт режимінде нөмірді анықтағыш дұрыс жұмыс істеуі үшін, тұрақты интернет байланысы қажет болғандықтан, кейбір нөмірлер (нөмірді анықтағыш білетін) қоңырау шала алады және олардың қолтаңбалары болуы мүмкін.
Қоңырауларды бұғаттан шығару
Белгілі бір нөмірді бұғаттан шығару
1. Телефон баптауларын ашыңыз.
2. Телефон → Бұғатталған контактілер тармағын таңдаңыз.
3. Нөмірдің үстінен оңнан солға қарай сырғытыңыз және Бұғаттан шығару батырмасын басыңыз.
Нөмірлер санатын бұғаттан шығару
және жоғарғы панельде батырмаларын басыңыз.
Нөмірді анықтау қызметін таңдаңыз.
Қоңырауларды бұғаттау бөлімінде бұғаттан шығаратын нөмірлер санатын өшіріңіз.
Сақтау батырмасын басыңыз.
Рұқсат етілген контактілер тізімі
Ескерту
Рұқсат етілген контактілер тізімін басқару рұқсат етілген контактілер тізімінен басқа барлық қоңырауларды бұғаттау қосулы тұрған кезде қолжетімді.
Егер Рұқсат етілген контактілер тізімінен басқа барлық қоңырауларды бұғаттау қосулы болса, ал тізім бос болса, бүкіл кіріс қоңыраулар бұғатталады.
Нөмірді рұқсат етілген контактілер тізіміне қосу
және жоғарғы панельде батырмаларын басыңыз.
Тізімнен Нөмір анықтағышты таңдаңыз.
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басыңыз.
Қоңырауларды басқару бөлімінде Рұқсат етілген контактілер тізімі батырмасын басыңыз.
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басыңыз.
Телефон нөмірін халықаралық форматта + таңбасынан бастап енгізіңіз. Сондай-ақ сіз контактінің атын көрсете аласыз.
Рұқсат етілген контактілерге қосу батырмасын басыңыз.
Рұқсат етілген контактілер тізімінен нөмірді өшіру
және жоғарғы панельде батырмаларын басыңыз.
Тізімнен Нөмір анықтағышты таңдаңыз.
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басыңыз.
Қоңырауларды басқару бөлімінде Рұқсат етілген контактілер тізімі батырмасын басыңыз.
Тізімнен қажет телефон нөмірін табыңыз.
Нөмірдің оң жағындағы батырмасын басып, нөмірді өшіруді растаңыз.
Рұқсат етілген контактілер тізіміндегі нөмірді өзгерту
және жоғарғы панельде батырмаларын басыңыз.
Тізімнен Нөмір анықтағышты таңдаңыз.
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басыңыз.
Қоңырауларды басқару бөлімінде Рұқсат етілген контактілер тізімі батырмасын басыңыз.
Тізімнен қажет телефон нөмірін табыңыз.
Нөмірдің оң жағындағы батырмасын басыңыз.
Нөмірді түзетіңіз.
Сақтауды басыңыз.
Рұқсат етілген контактілер тізімін тазарту
және жоғарғы панельде батырмаларын басыңыз.
Тізімнен Нөмір анықтағышты таңдаңыз.
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басыңыз.
Қоңырауларды басқару бөлімінде Рұқсат етілген контактілер тізімі батырмасын басыңыз.
Егер нөмірдің санаты қате анықталған болса, пікір қалдырыңыз. Біз кері байланысты жеткілікті дәрежеде жинаған кезде оны өзгертеміз.
Егер телефон нөмірі сіздің ұйымға тиесілі болса, оны Яндекс Бизнеске қосыңыз.
Нөмір туралы ақпаратты біздің базадан жою үшін қолдау қызметіне жазыңыз.
SMS хабарламаларды фильтрлеу
Егер сіз жағымсыз жарнамасы бар SMS хабарламаларды фильтрлеуді қоссаңыз, олар бірден Спам қалтасына дыбыссыз, дірілсіз және смартфонның бұғаттау экранында хабарлама көрсетпестен жіберіледі.
Спам сүзгісін қосу
Телефон баптауларын ашыңыз.
Хабарламалар → Белгісіз және спам батырмасын басыңыз.
Жіберуші бойынша сүзгілеу опциясын қосыңыз.
Яндексті таңдаңыз.
Фильтрден өткен SMS-терді қарау
Хабарламалар тізімін ашыңыз.
Фильтрлер → Спам батырмасын басыңыз.
Нөмірді анықтағыш жұмысындағы қиындықтар
Нөмірлер базасы жүктелмей жатыр
Офлайн базаны жүктеп алу үшін:
батарея заряды 21 % және одан жоғары болуы қажет;
белсенді Wi-Fi қосылымы;
15 МБ-қа дейін бос жады болуы керек.
Анықтағыш қосылмай жатыр
Баптаулар арқылы анықтағыш қосулы тұрғанын тексеріп алыңыз.
Анықтағыш нөмірді анықтамай жатыр
Нөмірді анықтағыш жасырын нөмірлерді анықтай алмайды. Мұндай мүмкіндік тек ұялы байланыс операторында ғана бар.
Қоңыраулар қайтарыла береді
Анықтағыш қоңырауларды бұғаттамайды. Олар құрылғының баптауларында немесе мобильді байланыс операторымен бұғатталған.
Нөмірлерді басқа анықтағыш анықтайды
Ескерту
Құрылғыға байланысты амалдар реті айрықша болуы мүмкін
Құрылғы баптауларында Қосымшалар → Телефон → Қоңырауды бұғаттау және анықтау батырмасын басыңыз. Егер біздің анықтағыш бірінші орында тұрмаса, оны жоғары орналастырыңыз.
Өзгерту батырмасын басыңыз.
Қолданбаны қажетті орынға ауыстыру үшін таңбасын тартыңыз.
Дайын батырмасын басыңыз.
Қоңыраулар бұғаттау неліктен әдепкі түрде қосылмаған?
Біз пайдаланушыларға таңдау береміз, олар Нөмірді анықтағышқа сенім тапсырып, белгілі бір санаттағы қоңырауларды автоматты түрде бұғаттауды қоса алады немесе танылған нөмірлерден түскен қоңырауларды өзі қабылдай алады немесе қабылдамайды.
Мен бұғаттауды қостым, бірақ бәрібір жарнамалық қоңыраулар алып жүрмін. Неліктен?
Кейбір ұйым санаттары (мысалы, банктер) бір нөмірді жарнамалық қоңыраулар үшін де, өз клиенттеріне маңызды қоңырау шалу үшін де жиі пайдаланады. Мұндай кездерде біз қоңырау, бәлкім, жарнамалық болар, бірақ бұл компанияның одан қоңырау күтіп отырған клиенттеріне нұқсан келтірмеу үшін оны бұғаттамаймыз деген ақпарат көрсете аламыз.
Нақты уақыт режимінде нөмірді анықтағышты қостым, бірақ қоңыраусыз бір-екі күннен кейін ол жұмыс істеуді тоқтатты
Пайдаланушының құпиялылығын сақтау үшін нақты уақыт режимінде нөмірді анықтағыш шифрлау кілттерін мерзімді түрде жаңартып отырады. Бұл сізге қоңырау түсетін болса, автоматты түрде орындалады. Бірақ егер бір тәуліктен астам уақыт бойы қоңыраулар түспесе, шифрлеу кілттері автоматты түрде жаңартыла алмайды.
Кілттерді жаңарту үшін Яндекс қосымшасындағы Нөмір анықтағышты ашыңыз: