---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.57.3
alternate:
  - https://yandex.com.tr/support/m-yandex/en/settings/energy.md
  - https://yandex.com.tr/support/m-yandex/kk/settings/energy.md
  - https://yandex.com.tr/support/m-yandex/ru/settings/energy.md
  - https://yandex.com.tr/support/m-yandex/tr/settings/energy.md
  - href: https://yandex.com.tr/support/m-yandex/kk/settings/energy.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: https://yandex.com.tr/support/m-yandex/kk/llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com.tr/support/m-yandex/kk/llms.txt

<!-- source: kk/_includes/bar-with-links-applications.md -->
#|
||
Сіз «Яндекс» қосымшасының Анықтамасын оқып отырсыз.
[Android-қа арналған «Яндекс Старт» қосымшасының анықтамасы →]()
||
|#
<!-- endsource: kk/_includes/bar-with-links-applications.md -->

# Энергия үнемдеу режимі

Құрылғыны белсенді қолданған кезде аккумулятор тез таусылады. Сонымен қатар, батареяның сыйымдылығы уақыт өте келе төмендейді – құрылғы неғұрлым ұзақ қызмет етсе, батарея соғұрлым тез таусылады. Энергия үнемдеу режимі оның зарядын үнемдейді және құрылғыны ұзағырақ пайдалануға мүмкіндік береді.


{% note info %}

Энергия үнемдеу режимі Android жүйесі бар құрылғыларда ғана қолжетімді.

{% endnote %}

## Энергия үнемдеу режимі қалай жұмыс істейді {#how-works}

Бұл режимде «Яндекс» қолданбасы:

- фондық қойындылардың белсенділігін төмендетеді;
- оқу режимін өшіреді;
- бейнені ойнату үшін апараттық [кодекті](https://en.wikipedia.org/wiki/Video_codec) [VP9](https://en.wikipedia.org/wiki/VP9) және [VP8](https://en.wikipedia.org/wiki/VP8) орнына пайдаланады;
- [Алисаның](https://yandex.com.tr/support/m-yandex/kk/alice/about.md) дауыстық іске қосуын өшіреді;
- жаңа қойындыны ашқанда фон параллаксын өшіреді;
- беттегі элементтердің анимациясын өшіреді;
- интерфейс анимациясын өшіреді;
- энергия тұтынуды оңтайландыру үшін басқа функцияларды орындайды.


## Қосу {#on}

#### Автоматты түрде

Бастапқы қалып бойынша энергияны үнемдеу режимі батарея заряды 20%-ға дейін төмендеген кезде қосылады және бұл құрылғыны зарядтауға қойған кезде өшеді.

#### Үнемі қосулы

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
   [Басты экранда](https://yandex.com.tr/support/m-yandex/kk/app/interface.md) ![](../_assets/profile-icon.svg) → **Қолданба баптауларына** басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
1. **Жалпы** бөлімінде **Энергия үнемдеу режимі** батырмасын басыңыз.
1. **Энергия үнемдеуді басқару** өрісінде жүгірткіні оңға қарай **Қосулы** күйіне жылжытыңыз.


## Ажырату {#off}

#### Үнемі ажыратулы

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
   [Басты экранда](https://yandex.com.tr/support/m-yandex/kk/app/interface.md) ![](../_assets/profile-icon.svg) → **Қолданба баптауларына** басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
1. **Жалпы** бөлімінде **Энергия үнемдеу режимі** батырмасын басыңыз.
1. **Энергия үнемдеуді басқару** жолындағы сырғытпаны солға қарай **Өшіру** күйіне дейін жылжытыңыз.


## Баптау {#adjustment}

Энергия үнемдеу режимі қосылған кезде оны орната аласыз.

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
   [Басты экранда](https://yandex.com.tr/support/m-yandex/kk/app/interface.md) ![](../_assets/profile-icon.svg) → **Қолданба баптауларына** басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
1. **Жалпы** бөлімінде **Энергия үнемдеу режимі** батырмасын басыңыз.
1. **Энергия үнемдеуді басқару** жолындағы сырғытпа арқылы заряд деңгейін белгілеңіз, ол кезде режим қосылатын болады.
1. Сонымен қатрар қолданбаның қандай функциялары энергияны үнемдеу режимінде жұмыс істейтінін реттей аласыз:
    - **Оқу режимі**. Бұл опцияны оқу режимі қолжетімді болуы үшін қосыңыз.
    - **Веб-парақша элементтерінің анимациясы**. Сайт элементтерінің анимациясы қолжетімді болатындай етіп осы опцияны қосыңыз. Бұл карталар мен онлайн ойындарды жоғары сапада көрсетуге мүмкіндік береді.
    - **Қолданба интерфейсінің анимациясы**. Қолданба элементтерінің анимациясы қолжетімді болатындай етіп осы опцияны қосыңыз.


<!-- source: kk/_includes/button-content.md -->
<a href="kk/content">
  <span class="button">Мазмұнға өту</span>
</a>


<!-- endsource: kk/_includes/button-content.md -->

<!-- source: kk/_includes/button-feedback.md -->
</br>

<a href="kk/troubleshooting/app-form">
  <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- endsource: kk/_includes/button-feedback.md -->
