---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.55.0
alternate:
  - https://yandex.com.tr/support/browser/en/troubleshooting/installation-update.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser/kk/troubleshooting/installation-update.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser/ru/troubleshooting/installation-update.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser/tr/troubleshooting/installation-update.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser/uz/troubleshooting/installation-update.md
  - href: kk/troubleshooting/installation-update.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: ../llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com.tr/support/browser/kk/llms.txt




# Орнату және жаңарту туралы жиі сұрақтар

{% note tip %}

[Браузерді орнату және жаңарту](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/about/install.md) бөліміндегі нұсқауларды қарап шығыңыз.    

{% endnote %}

## Орнату {#install-error}


{% cut "Браузер орнатылмай жатыр" %} {#not-installing}

1. [Орнатушының толық нұсқасын](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) жүктеп алыңыз.

1. Браузерді [орнатыңыз](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/about/install.md#browser-install).

Егер бұл көмектеспесе, [бізге](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/support/support.md) жазыңыз.

{% endcut %}

{% cut "Орнатушының толық нұсқасын қайдан көшіріп алуға болады?" %}{#full-version}

Яндекс Браузер орнатқышының толық нұсқасы баяу интернет немесе интернет болмаған кезде де Браузерді орнатуға мүмкіндік береді. [Толық нұсқасын жүктеу](https://browser.yandex.kz/?lang=kk).

{% endcut %}


{% cut "«C:/Users/ ... /Application/browser.exe» табу мүмкін емес" %} {#no-browser-file}

1. [Браузердің толық нұсқасын жүктеп алыңыз](https://browser.yandex.kz/?lang=kk).

1. Браузерді [орнату](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/about/install.md#browser-install) кезінде барлық антивирустарды толығымен өшіру арқылы орнатыңыз.

{% endcut %}

{% cut "Барлық Windows тіркелгілері үшін Браузерді қалай орнатуға болады?" %}{#install-for-all-users}

Әзірше бірнеше Windows пайдаланушылары үшін Браузерді орнату мүмкін емес.

{% endcut %}

{% cut "Браузерді орнату кезінде «Win32 қосымшасы болып табылмайды» қатесі пайда болады" %}

Орнату файлы толық жүктелмеген болуы мүмкін.

Яндекс Браузерді [қайта](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) жүктеңіз.


{% endcut %}


{% cut "Браузерді Linux-ке орнату кезіндегі қате" %}

Егер орнату кезінде `appindicator1` жетіспей тұрғаны жайлы қате туралы хабар көрінсе, мына нұсқалардың бірін орындаңыз:

- `python-appindicator` жиынтығын қолмен жүктеп алып, орнатыңыз. Ол үшін консольде мына пәрменді орындаңыз:
    
    ```php
    apt-get install python-appindicator
    ```
- Бұл жиынтықты бағдарламаларды іздеу және орнатудың графикалық интерфейсінің көмегімен атауы бойынша тауып алыңыз.

{% endcut %}


## Жаңарту {#update}

{% cut "Браузерді жаңарту кезінде қате кетті" %} {#update-error}

1. Файрвол, прокси-сервер, антивирустарды сөндіріңіз.

1. Браузерді [жаңартыңыз](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/about/install.md#up).

1. Егер қате сақталса, Браузердің [соңғы нұсқасын жүктеп алыңыз](https://browser.yandex.kz/?lang=kk).

1. Браузерді [орнатыңыз](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/about/install.md#browser-install). Бұрынғы нұсқасын жою міндетті емес.

{% endcut %}

{% cut "Браузердің соңғы нұсқасын пайдалану неге маңызды?" %} {#latest-version}

Браузердің соңғы нұсқасында:

- Интернеттегі [қауіпсіздік](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/security/protection.md) шаралары жақсартылған және компьютерлік қауіптердің [деректер базасы](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/security/virus-protection.md#how-working) жаңартылған.
- Қателіктер, кептеліп қалу мен ақаулар аз. Сайт беттері, музыка және бейне жылдам жүктеледі.
- Жаңа функциялар қосылған.

{% endcut %}

{% cut "Браузер нұсқасын қалай білуге болады?" %} {#version}

Браузер нұсқасын білу үшін **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Көмек** → **Браузер туралы** опциясын басыңыз немесе [Ақылды жолда](*smart-link) `browser://help` мекенжайын теріңіз.

![](../_image/version.png)

{% endcut %}

{% cut "Браузер автоматты түрде жаңартылмай жатыр" %} {#no-autoupdate}

1. Браузердің [соңғы нұсқасын жүктеп алыңыз](https://browser.yandex.kz/?lang=kk).

1. Браузерді [орнатыңыз](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/about/install.md#browser-install).

{% endcut %}

{% cut "«Жаңартуларды тексеру мүмкін емес» қатесін қалай түзетуге болады?" %} {#check-update-error}

1. Браузерді қайта іске қосыңыз. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Браузерді жабу** батырмасын немесе **Ctrl&nbsp;+ Shift&nbsp;+&nbsp;Q** (Windows) немесе **⌘**&nbsp;+&nbsp;**Q** (macOS) пернелерін басыңыз, кейін оны қайтадан ашыңыз.

1. **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Көмек** → **Браузер туралы** опциясын басыңыз. 

1. Егер қате сақтала берсе, уақытша келесіні сөндіріп көріңіз:
    - файрвол;
    - прокси-сервер;
    - антивирустар.

1. Егер бұл көмектеспесе, [соңғы нұсқасын](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) жүктеп алыңыз және оны ағымдағының үстінен [орнатыңыз](https://yandex.com.tr/support/browser/kk/about/install.md#browser-install).

{% endcut %}

{% cut "Автожаңартуды қалай өшіруге болады?" %} {#disable-auto-update}

Браузердің автоматты түрде жаңартылуын сөндіру мүмкін емес. Тек Браузердің соңғы нұсқасы интернет-қатерлерден барынша қорғауды қамтамасыз етеді.

{% endcut %}

{% cut "Браузерді фондық режимде жаңартуды қалай өшіруге болады?" %} {#disable-updates-in-the-background}

Біз фонда автоматты жаңартуды өшіруді ұсынбаймыз, бірақ қажет болса, оны жасай аласыз:

1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Жүйелік** батырмасын басыңыз.


1. **Өнімділік** бөлімінде **Ол іске қосылмаған болса да, браузерді жаңарту** опциясын өшіріңіз.

{% endcut %}




<a href="kk/support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->

[*smart-link]: Мекенжай жолағына іздеу сұранымдары енгізуге болады — Браузер сізге не керектгіні өзі түсінеді.