Бетбелгілерді сақтау және қалпына келтіру

Бетбелгілерді сақтау

Бетбелгілер сіздің Яндекс ID-ге тіркелген аккаунтыңызға автоматты түрде сақталып отырады және бүкіл құрылғыларыңыздан (компьютер, смартфон, планшет) қолжетімді.

Бетбелгілерді сақтау ерекшеліктері:

  • Бір құрылғыда бетбелгілерді қосқан немесе жойған болсаңыз, бұл өзгерістер сіздің басқа құрылғыларыңызда көрсетіледі.

  • Егер әр түрлі құрылғыда бір бет үшін бетбелгілер жасаған болсаңыз, бәрінен ерте жасалған бетбелгі сақталады.

  • Бір үлгідегі құрылғылардың бетбелгілері жалпы тізімге біріктіріледі. Мысалы, бетбелгілер екі компьютер мен смартфонда сақталған болса, смартфондағы бетбелгілерде Компьютер қалтасын көресіз және онда екі компьютердегі деректер біріктіріледі.

Басқа құрылғыдағы бетбелгілерді көру үшін:

  1. Настройки Яндекс Браузера → Бетбелгілер → Бетбелгілер менеджері батырмасын басыңыз.

  2. Сол жақ қалталар тізімінен қажетті құрылғыны таңдаңыз.

Егер сақтау және бетбелгілермен алмасуды сөндіріп тастағыңыз келсе:

  1. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы өз профиліңіздің портретіне Портрет профиля → Менің Браузердегі профилім тармағына басыңыз.

  2. Менің профилім терезесінде Деректерді басқару тармағын басыңыз.

  3. Бетбелгілер опциясын сөндіріңіз. Деректер тек осы құрылғыда сақталатын болады.

Бетбелгілерді қалпына келтіру

  • Егер сіз browser://bookmarks бетбелгілерді өшіріп тастаған болсаңыз, Бетбелгілер жинақтамасы бөлімінің оң жақ жоғарғы бұрышында Меню → Өшіруді болдырмау батырмасын басыңыз.

    Маңызды

    Егер browser://bookmarks парақшасын қайта жүктеген немесе бетбелгілерді жойғаннан кейін бірден басқа парақшаға өткен болсаңыз, бетбелгілерді мұндай әдіспен қалпына келтіре алмайсыз.

  • Егер HTML файлында бетбелгілердің сақтық көшірмесін сақтаған болсаңыз, файлдағы бетбелгілерді импорттаңыз.

Қолдау қызметіне жазу