---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.55.2
alternate:
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-lite/en/privacy/cookies.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-lite/kk/privacy/cookies.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-lite/ru/privacy/cookies.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-lite/tr/privacy/cookies.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-lite/uz/privacy/cookies.md
  - href: https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-lite/kk/privacy/cookies.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-lite/kk/llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-lite/kk/llms.txt

# Cookie файлдары

## Cookie дегеніміз не {#what}


{% note alert %}

Әдепкі түрде мобильді Яндекс Браузер Лайтта cookie файлдарын сақтауға рұқсат етіледі.

{% endnote %}


_Cookie_ (куки) — веб-сервер жіберетін және сіздің құрылғыңызда сақталатын деректердің шағын фрагменті. Cookie файлдары сіз туралы ақпаратты қамтиды. Мысалы, логин мен құпиясөз, орналасқан жері, тіл баптаулары, интернет-дүкеннің себетіндегі тауарлар туралы мәліметтер.

**Неліктен cookie пайдалы**
  - Сізге авторизацияны қажет ететін сайтта логин мен құпиясөзді қайтадан енгізу қажет емес.
  - Егер сіз интернет-дүкеннің сайтынан тапсырыс жасамай кетіп қалып, кейін қайта оралсаңыз — тауарлар себетте сақталады.
  - Егер ауа райы болжамын білуге болатын сайтқа алғаш рет кіріп, қалаңызды көрсеткен болсаңыз — сайт келесі жолы сізден қалаңызды сұрамайды.
    
  Веб-талдау құралдарында (мысалы, [Яндекс Метрикада](https://yandex.ru/support/metrica/index.html)) cookie интернетте пайдаланушы әрекеттерін бақылау үшін қолданылады.

**Неліктен cookie — құпиялылық үшін қауіп тудырады**
  - Егер сіздің құрылғыңызды басқа адам қолданатын болса, cookie файлдарында логин мен құпиясөздер сақталатындықтан, ол сіздің аккаунттарыңызға кіре алады.
  - Егер зиянкес cookie файлдарын жолда ұстап алса, ол сіздің жеке деректеріңізді қарай алады. Оларды сізге мазаңызды алатын жарнама көрсету үшін пайдалануға болады.


## Cookie файлдарын жою {#delete}

1. ![](../_image/menu-icon-lite.png)&nbsp;→&nbsp;![](../_image/settings-icon-lite.png) батырмасын басыңыз.
1. **Деректерді өшіру** батырмасын басыңыз.
1. Қосқышты **Барлық деректер** күйіне орнатыңыз.
1. **Жоюды** басыңыз.


<!-- source: kk/_includes/button-faq.md -->
<a href="kk/feedback/feedback">
  <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>



<!-- endsource: kk/_includes/button-faq.md -->