Файлдарды жүктеу және баптаулар туралы жиі қойылатын сұрақтар

Браузер файлдардың жүктеп алынуын бұғаттайды

Егер жүктеліп жатқан файлда зиянды бағдарлама бар болса, Браузер оны бұғаттайды. Толығырақ Жүктелетін файлдарды тексеру бөлімінен қараңыз.

Жүктеу үзілді

Файлды қайта жүктеп көріңіз.

Жүктеп алуға смартфонға орнатылған антивирус әсер етуі мүмкін. Антивирусты уақытша өшіріп, файлдарды қайтадан жүктеп көріңіз.

Толығырақ Файлдарды жүктеу бөлімінен қараңыз.

Файлдар қайда жүктеледі

Жүктелген файлды сақтау орны оның түріне байланысты. Мысалы, жүктелген суреттерді Галерея арқылы, ал PDF форматындағы файлдар арнайы бағдарлама арқылы қарауға болады.

Әдепкісінше файлдар Жүктеп алынғандар қалтасына жүктеп алынады.

Жүктелген файлды басқа қосымшада қалай ашуға болады
  1. PDF форматындағы файлды Браузерде ашыңыз.

  2. МенюЖіберу батырмасын басыңыз.

  3. Қажетті қосымшаны таңдаңыз.

Баптауларды қайдан табуға болады

Браузерде Меню белгішесін басыңыз.

Браузер тілін қалай өзгерту керек

Ескерту

Құрылғыға байланысты амалдар реті айрықша болуы мүмкін.

Тілді құрылғының баптаулары арқылы өзгертуге болады, ол үшін:

  1. Құрылғының баптауларын ашыңыз.
  2. Қосымшалар бөліміне өтіңіз.
  3. Яндекс БраузерТіл тармағын таңдап, қажет тілді орнатыңыз.

Егер мұндай опция болмаса, Браузер үшін бөлек тілді орната алмайсыз — ол жүйелік тілге тәуелді болады. Оны өзгерту үшін:

  1. Құрылғының баптауларын ашыңыз.
  2. НегізгіТіл мен аймақ тармағын таңдап, қажеттісін орнатыңыз.
Кеңейтімді қалай қосу керек

Браузерге қазір кеңейтім қосу мүмкін емес, бұл Apple тарапынан орнатылған техникалық шектеу.

Қолдау қызметіне жазу