Деректерді сақтау

Шектеу

Деректерді сақтау және қалпына келтіру әртүрлі браузерлердің, мысалы, Яндекс Браузер мен Google Chrome арасында істемейді.

Деректеріңізді бүкіл құрылғыларыңыздан пайдалану үшін сақтап отырыңыз.

Деректерді не үшін сақтау керек?

Егер сіз Яндекс ID аккаунтына кіріп, деректерді сақтауды қоссаңыз, олар Яндекс Браузер орнатылған бүкіл құрылғыларыңызда (смартфон, планшет, компьютер) қолжетімді болады.

Құпиясөздер мен карталар, бетбелгілер, жеке деректер, ашық қойындылар мен қойынды топтары, редактор деректері мен Браузердің тарихы сақталады.

Деректерді сақтау және алмасу сізге мынадай мүмкіндіктер береді:

  • бүкіл құрылғыларда құпиясөздер менеджерін қолдану (құпиясөздерді автоматты түрде қою, құпиясөздерді шифрланған қоймада сақтау, егер сіз мастер-құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, сайтқа кіруді қалпына келтіру);

  • құрылғылардан қойындылар топтары, тарих пен бетбелгілерді қарау;

  • құрылғыңыз жоғалып немесе сынып қалса да, құпиясөздер, бетбелгілер, қойындыларды қалпына келтіру.

Сіз сақталатын деректер тізімін кез келген сәтте өзгерте аласыз.

Деректер қаншалықты жиі сақталып отырады?

Деректер сіз оларды өзгерткен сайын, бірақ сәл кідіріспен сақталып отырады. Мысалы: сіз құрылғыға бетбелгі қосасыз — Браузер біраз уақыттан кейін оны серверге жібереді және басқа құрылғыларда жасаған барлық өзгерістеріңізді бір уақытта жүктейді (соңғы сақталған сәтінен бастап).

Бұл қауіпсіз бе?

Иә, сіздің деректеріңіз қорғалған. Деректерді аралық сақтау үшін Яндекс сервері қолданылады, онда ақпарат қорғалған арна бойынша, ал құпиясөздер шифрланған түрде беріледі. Сервердегі деректер авторлану жүйесімен қорғалған.

Деректерді сақтауды қалай қосу керек?

Деректер аккаунтқа сақталу үшін:

  1. Браузерде өзіңіздің Яндекс ID-ге кіріңіз.

  2. Аккаунтта сақтауға арналған деректер тізімін баптаңыз.

Маңызды

Қойындылар топтарымен алмасу үшін топтар мәзірін ашып, қай топтарды бұлтқа сақтау керектігін таңдаңыз.

Сақтау және алмасу үшін деректер тізімін өзгерту

  1. Оң жақ төменгі бұрышта белгішесі → профиль портретіне басыңыз.

  2. Деректерді аккаунтта сақтау бөлімінде опцияларды сіздің құрылғыларыңыздың арасында тек қажетті деректер жіберіліп отыратындай етіп баптаңыз:

    • Егер баптау қосылған болса, деректер сіздің барлық құрылғыңыздан қолжетімді болады.
    • Егер баптау сөндірулі болса, деректер тек осы құрылғыда сақталады.

Ескерту

Кеш сіздің құрылғыларыңыздың арасында жіберілмейді.
Банк карталарын сақтау негізгі құпиясөз қосулы болған кезде ғана қолжетімді.

Сақталған деректерді өшіру

Деректерді осы құрылғыдан қалай өшіруге болады:

  1. Оң жақ төменгі бұрышта белгішесі → профиль портретіне басыңыз.

  2. Профильді басқару бөлімінде Осы құрылғыдағы профильді өшіру тармағын таңдаңыз.

  3. Ашылған терезеде профильді және онымен байланысты деректерді жоюды растаңыз.

Маңызды

Егер қандай да бір дерек типтері аккаунтта сақтаудан ажыратылған болса, олар профильді немесе Браузерді өшірген кезде біржола жойылады. Егер осы аккаунты бар профильді қоссаңыз, сақталған деректер аккаунтта қалады және сіз оларды кез келген құрылғыдан қолдана аласыз.

Яндекс ID аккаунтындағы деректерді өшіру үшін Яндекс ID құжатының деректерін өшіру нұсқаулығын пайдаланыңыз.

Назар аударыңыз

Серверден өшірілгеннен кейін деректерді қалпына келтіру мүмкін емес.

Қолдау қызметіне жазу