Бетбелгілер
Бетбелгілер — беттердің, суреттердің және видеолардың сақталған сілтемелері.
Бетбелгілерге қосу
-
→ Бетбелгілерге қосу опциясын басыңыз.
-
Қажет болса бетбелгінің Аты немесе Мекен-жайын өзгертіңіз.
-
Сақтауды басыңыз.
Әдепкі бойынша сілтеме алдыңғысы сақталған қалтада сақталады. Егер оны басқа қалтаға сақтағыңыз келсе, жаңа қалта жасау үшін немесе бұрыннан бар қалтаға сақтау үшін Өзгерту батырмасын басыңыз.
Бетбелгілерді ашу
→ Бетбелгілер белгішесін басыңыз.
Бетбелгіні өңдеу
-
Бетбелгілер тізімін ашыңыз.
-
Беттің төменгі жағында Өзгерту батырмасын басыңыз.
-
Қажетті бетбелгі бар жолды басыңыз.
-
Пайда болған терезеде Аты немесе Мекенжайы параметрлерін өзгертіңіз.
-
Сақтау баптырмасын басыңыз.
-
Дайын батырмасын басыңыз.
Бетбелгіні жою
-
Бетбелгілер тізімін ашыңыз.
-
Қажетті беті бар жолды басыңыз.
-
Өзгерту батырмасын басыңыз (беттің төменгі жағында).
-
таңбасын басыңыз. -
Бетбелгіні жоюды растаңыз.
-
Дайын батырмасын басыңыз (беттің төменгі жағында).
Әртүрлі құрылғылардағы бетбелгілер
Синхрондаудан кейін Браузерде барлық синхрондалған құрылғылардан (компьютер, планшет, смартфон) бетбелгілер көрсетіледі.
Құрылғыдағы бетбелгіге өтіңіз
-
→ Бетбелгілер белгішесін басыңыз.
-
Қажетті қалтаны таңдаңыз: Компьютер немесе Мобильді.
-
Бетбелгісі бар жолға басыңыз.
Бетбелгілерді синхрондау ерекшеліктері
-
-
Сіз бір құрылғыдағы бетбелгілерді қосқан кезде немесе өшірген кезде, бұл өзгерістер желіге қосулы тұрған басқа құрылғыларда да көрінеді.
-
Егер сіз бір парақшаның бетбелгілерін әртүрлі құрылғылардан жасасаңыз, сервермен бәрінен бұрын синхрондалған бетбелгі сақталады.
-
Бір үлгідегі құрылғылардың бетбелгілері жалпы тізімге біріктіріледі. Мысалы, синхрондау екі компьютер мен смартфонда қосылса, смартфондағы бетбелгілерде Компьютер қалтасын көресіз және онда екі компьютердегі бетбелгілер біріктіріледі.
-