---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.50.2
alternate:
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/en/security/insecure-content-blocking.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/security/insecure-content-blocking.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/ru/security/insecure-content-blocking.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/tr/security/insecure-content-blocking.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/uz/security/insecure-content-blocking.md
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/llms.txt


# Мазмұнды ішінара бұғаттау

Кейде қауіпсіз беттерде вирустар жұққан ресурстардан қауіпті элементтер (баннерлер, скрипттер немесе ойықтар) немесе [майнинг](https://ru.wikipedia.org/wiki/Майнинг) үшін скриптілер кездесуі мүмкін. Мобильді Яндекс Браузер мұндай элементтерді бұғаттайды. Ол қауіпті ресурстар туралы мәліметтерді Яндекс пен серіктестеріміз толықтыратын дерекқордан алады.

## Майнинг скриптерін бұғаттау {#antimining}

[Криптовалюта](https://ru.wikipedia.org/wiki/Криптовалюта) (мысалы, [биткоиндар](https://kk.wikipedia.org/wiki/Биткоин)) эмиссиясы үшін [майнинг](https://ru.wikipedia.org/wiki/Майнинг) қолданылады. Компьютер оның иесіне крипто валютасында сыйақы есептелетін есептеулерді жүргізеді.

[Жасырын майнинг](https://ru.wikipedia.org/wiki/Майнинг#Скрытый_майнинг) кезінде есептеу үшін бөтен компьютерлер мен мобильді құрылғылардың ресурстары қолданылады. Бұл жағдайда майнинг коды JavaScript түріндегі сайт беттерінде білдірмей орналастырылады. Ол жадты жүктейді, батарея зарядын жұмсайды, планшет элементтерін қыздырады.

Майнерлер планшетіңіздің ресурстарын пайдаланып ақша таппауы үшін, мобильді Яндекс Браузер майнингке арналған скриптілер сайттарынан жүктеуді бұғаттайды. Браузерге белгілі скриптілер ғана жүктелмейді. Браузер сайттар жасайтын процессорға түсетін жүктемені зерттейді және бұл ақпарат арқылы майнинг үшін бұрын белгісіз болған скриптілерді бұғаттайды.


{% note info %}

Браузер басқа да жасырын майнинг опцияларын бұғаттай алады, мысалы [кеңейтімдерді](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/personal-settings/extensions.md) пайдалану арқылы.

{% endnote %}



Майнингті бұғаттаудан бас тарту үшін [жарнама сүзгісін өшіріңіз](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/security/ad-protection.md#off).


<!-- {% include [form](../_includes/reusables/forms-and-buttons/id-form/form.md) %} -->

<!-- source: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
<a href="kk/feedback/feedback">
    <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>




<!-- endsource: kk/_includes/black-button-feedback.md -->


