---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.55.0
alternate:
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/en/devices/sync.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/devices/sync.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/ru/devices/sync.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/tr/devices/sync.md
  - https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/uz/devices/sync.md
  - href: kk/devices/sync.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: ../llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/llms.txt


# Құрылғылар арасында Браузерді синхрондау


{% note alert %}

Синхрондау әртүрлі браузерлердің, мысалы, Яндекс Браузер мен Google Chrome арасында жұмыс істемейді.

{% endnote %}


_Синхрондау_ — бұл құрылғыларыңыздағы Браузерлер арасында деректер алмасу. Деректерді аралық сақтау үшін Яндекс сервері қолданылады, онда ақпарат қорғалған арна бойынша, ал құпиясөздер [шифрланған түрде](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/security/passwords-management.md) беріледі. Сервердегі деректер Яндекс сервистерінде пайдаланылатын авторландыру жүйесімен қорғалған. Синхрондау құрылғыңыз жоғалған немесе бұзылған болса, барлық құрылғылардан деректерге қатынауды және деректерді қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.



Мобильді құрылғыларда Браузер өз-өзімен ғана емес, [«Яндекс» қосымшасымен](https://yandex.ru/yandexapp/?utm_source=support&utm_campaign=android) де синхрондалады.




## Синхрондау қалай жұмыс істейді {#whatis}

Әдепкі бойынша құпиясөздер, енгізу үлгілері, ашық қойындылар, қойындылардың бұлттық топтары және тарих синхрондалады.




Синхрондауды енгізгеннен кейін, ол серверде сақталған деректерді өзгерткен сайын орындалады. Мысалы: сіз планшетке бетбелгі қосасыз — Браузер оны серверге жібереді және басқа құрылғыларда жасаған барлық өзгерістеріңізді бір уақытта жүктейді (соңғы синхрондау сәтінен бастап).

Синхрондау сізге мынадай мүмкіндік береді:

- Браузерді барлық құрылғыларда бірдей баптау;
- құрылғыңыз істен шыққан жағдайда да, құпиясөздерді, карта деректерін, қойындыларды және толтыру үлгілерін қалпына келтіру;
- синхрондалған құрылғыларда [ашық қойындыларды](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/navigation/tabs.md#tabs-devices), бұлттық [қойындылар топтарын](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/navigation/tab-groups.md#create) және [бетбелгілерді](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/navigation/bookmark.md#bookmarks-devices) қарау;
- синхрондалған құрылғыларда [үлгілерді автотолтыру](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/privacy/autofill.md) опциясын және [тарихты](https://yandex.com.tr/support/browser-mobile-android-tablet/kk/navigation/browsing-history.md) пайдалану.

Кез келген сәтте сіз синхрондауды [өшіре](#off) аласыз немесе синхрондағыңыз келетін [деректер тізімін өзгертуіңізге](#settings) болады.


## Синхрондауды қалай қосуға болады? {#on}

Синхрондауу келесі шарттар орындалғанда жұмыс істейді:

- Барлық құрылғыларда (компьютер, смартфон, планшет) Яндекс Браузер орнатылған.
- Барлық құрылғыларда бірдей [Яндекс ID](https://yandex.kz/support/id/kk/authorization/registration.html) қолданылады.



Синхрондауды қосу үшін:


1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/sync-2-3-pad.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg)&nbsp;→ ![](../_assets/shestern.svg) батырмасын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/sync-2-3-pad.md -->
    
1. Логин мен құпиясөзді енгізіңіз немесе тізімнен аккаунтты таңдаңыз.
    
    {% note info %}
    
    Егер сіз Яндексте тіркелмеген болсаңыз, синхрондауды қоса алмайсыз, себебі сервердегі деректер [Яндекс ID](https://yandex.kz/support/id/kk/authorization/registration.html) аккаунтында сақталады. Тіркелу үшін **Тіркелу** батырмасына басыңыз және есептік жазбаның параметрлерін толтырыңыз.
    
    {% endnote %}
    
1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/sync-8.md -->
   **Кіру** батырмасын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/sync-8.md -->
    

Синхрондалған деректер тізіміне өту үшін ![](../_assets/settings-menu-icon.svg) → ![](../_assets/shestern.svg) → **Синхрондау** опциясын басыңыз.


## Синхрондалатын деректер тізімін өзгерту {#settings}

1. <!-- source: kk/_includes/phrases.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg)&nbsp;→ ![](../_assets/shestern.svg)&nbsp;→ **Синхрондауды қосу** батырмасын басыңыз. {#sync-4-3-pad}
   <!-- endsource: kk/_includes/phrases.md -->

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/sync-6.md -->
   Опцияларды тек қажетті деректер синхрондалатындай етіп орнатыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/sync-6.md -->



## Синхрондауды өшіру {#off}


1. <!-- source: kk/_includes/phrases.md -->
   ![](../_assets/settings-menu-icon.svg)&nbsp;→ ![](../_assets/shestern.svg)&nbsp;→ **Синхрондауды қосу** батырмасын басыңыз. {#sync-4-3-pad}
   <!-- endsource: kk/_includes/phrases.md -->

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/sync-7-android.md -->
   **Синхрондауды өшіруді** басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/sync-7-android.md -->






<!-- source: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
<a href="kk/feedback/feedback">
    <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>




<!-- endsource: kk/_includes/black-button-feedback.md -->