Яндекс Браузердің бета-нұсқасының тұрақтылығы төменірек және негізгі нұсқасынан өзгеше болуы мүмкін
Ақылды жол
Ақылды жол — бета-нұсқасындағы Яндекс Браузерінің мекенжай енгізу және ақпарат іздеу элементі. Әдетте сұранымның жауаптарын іздеу үшін Яндекс іздеу жүйесі қолданылады. Қаласаңыз, іздеу жүйесін өзгертуіңізге болады. Ақылды жолды өшіру немесе жою мүмкін емес.
Сұраққа жауап табу немесе сайтқа өту үшін:
Ақылды жолда сұраным, сайт мекенжайы немесе сайт атауын енгізіңіз.
Enter пернесін басыңыз.
Сұраным
Сайт мекен-жайы
Сайт атауы
Ақылды жолдағы доменді басу арқылы сайттың басты бетін ашуға болатындай етіп:
Ақылды жол бөлімінде Парақшалардың мекенжайларын «домен > тақырып» түрінде көрсету және Сайттың басты парақшасын Ақылды жолда оның доменіне басу арқылы ашу опцияларын қосыңыз.
Іздеу сыбырсөздері — бұл сіздің сұранысыңызбен бірдей таңбалардан басталатын ең танымал сұраныстардың нұсқалары.
Сыбырсөздер тізімі іздеу жолының астында пайда болады және іздеу жолында жаңа таңбалардың енгізуліне қарай жаңартылады. Сұранымыңызға сәйкес келетін сыбырсөздерді көрсеңіз, оны тізімнен Жоғары немесе Төмен пернелері немесе тінтуір көмегімен таңдай аласыз. Іздеу нәтижелеріне өту үшін, Enter пернесін басыңыз.
Браузер іздеу сыбырсөздерінде жиі қойылатын сұрақтарға жауап бере алады. Мысалы, сіз Байкал тереңдігін немесе Эверест биіктігін іздеу нәтижелеріне ауыспастан біле аласыз. Сондай-ақ, қоңырау шалған телефон нөмірін Ақылды жолға енгізе аласыз. Егер бұл нөмір жарнама үшін пайдаланылса және оған интернетте жеткілікті пікірлер болса, сіз ескертулерді көресіз.
Егер сайт мекенжайы қате енгізілсе, Браузер түзетулерді ұсына алады. Ол үшін:
Настройки Яндекс Браузера → Баптаулар → Жалпы баптауларды басыңыз.
Іздеу бөлімінде Сайт мекенжайларында қате болған кезде түзетулерді ұсыну опциясын өшіріңіз.
Егер сіз Браузерде сыбырсөздерді көргіңіз келмесе, оларды өшіріп тастаңыз:
Настройки Яндекс Браузера → Баптаулар → Жалпы баптауларды басыңыз.
Іздеу бөлімінде Мекенжайлар мен сұранымдарды теру кезінде сыбырсөздерді көрсету опциясын өшіріңіз.
Ақылды жолға тінтуірдің сол жақ батырмасымен басыңыз — Көшіріп алу батырмасы пайда болады. Парақша мекенжайын алмасу буферіне көшіру үшін Көшіру батырмасын басыңыз.